Тапқырлар тартысы атты интеллекуалды сайысы өткізілді

21.10.2026

"Жақсы ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де бастауыш сыныптар қауымдастығының ұйымдастыруымен «Білімді ұрпақ - жарқын болашақ» атты онкүндік жоспарына сәйкес 4 "А" сыныбында «Тапқырлар тартысы» атты интеллектуалды сайысы өткізілді. Оқушылардың тапқырлығын, зейінін, есте сақтау қабілетін жетілдіру және топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Елін сүйетін, білімді, ойы ұшқыр, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу.
 Сайыс барысында оқушылар түрлі қызықты сұрақтарға жауап беріп, логикалық тапсырмаларды орындап, өздерінің білімділіктері мен алғырлықтарын көрсетті.
Сайыс қорытындысы бойынша топтар 1,2,3 дәрежелі мадақтамалармен марапатталды.
Өткізген: Абсадыкова У.Ж.

Просмотров: 5


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу