Спорт өмірі
«Жақсы ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
«Жан сұлулығы» спорттық лагерінің
І ауысымындағы «Тарландар» тобы
Жауапты ұстаздар: Абилжанов Ж.Ж.
Аяпбергенов А.Ж.
Шапиев Р.Р.
2022-2023 жыл.
Мақсаты: Жазғы уақыттағы спорттық ойындардың танымдық әрекеттері арқылы балалардың спортқа деген қызығушылығын ашу, салауатты өмір салты дағдыларын бекіту, денсаулығын нығайту.
Міндеттері:
- балалардың бос уақытын тиімді өткізу арқылы шығармашылық әрекетте өз қабілеттерін көрсете білу;
- балалардың өзара қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру;
- салауатты өмір салтын насихаттау арқылы денсаулықтарын нығайту.
Күтілетін нәтиже:
Жазғы демалыстың, сауықтырылудың, оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың пайдасы іске асады. Оқушылардың физикалық және психологиялық көрсеткіштері жақсарады. Салауатты өмір салты қалыптасады. Оқушылар арасында достық қарым-қатынас нығаяды.