Алтын күз - күзгі Vibe атты мерекелік іс шара ұйымдастырылды
Бастауыш сынып оқушылары арасында күз мерекесіне арналған іс-шара өтті! Мектебімізде 1-4 сынып оқушыларының қатысуымен «Алтын күз - күзгі Vibe!» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты оқушыларға күз мезгілінің әсемдігін сезіндіру, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және өнерге деген қызығушылықтарын ояту.
Мерекелік шара барысында оқушылар сән үлгісін көрсетіп, күз тақырыбындағы қызықты ойындар мен сайыстарға белсене қатысты. Күздің түрлі түсті жапырақтарындай құлпырған бүлдіршіндер мерекеге ерекше сән берді. Оқушылардың тапқырлығы, өнері мен шығармашылығы көпшілікті тәнті етті. Шара соңында белсенді қатысқан сыныптар түрлі номинациялар бойынша марапатталды. «Алтын күз - күзгі Vibe!» мерекесі балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ұмытылмас әсер қалдырды.
Өткізгендер:
Аяпбергенова К. М
Жанабергенова А. Е.