Тіл-достықтың көпірі
16.09.2026
«Тіл - достықтың көпірі»
Мектебімізде 8-сынып оқушылары арасында үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) теңдей меңгеруге, ой-өрісін кеңейтуге бағытталған танымдық әрі тартысты «Тіл – достықтың көпірі» атты интеллектуалдық ойыны болып өтті!
Ойын барысында оқушылар жүйрік ойлары мен алғырлықтарын көрсетіп, тапқырлық пен үш тілдегі білімдерін сарапқа салды. Тапсырмалар тартысты әрі өте қызықты өтті.
Ұйымдастырушы жауапты пән мұғалімдері:
Адильшинова А.К.
Дюсембекова А.К.
Алшинбаева М.Н.
Іс-шара қорытындысы:Сайыс соңында белсенділік танытып, үздік шыққан оқушыларымыз арнайы мадақтамалармен және көңіл-күй сыйлайтын тәтті сыйлықтармен марапатталды!
Барлық қатысушыларға алдағы асар асуларында сәттілік тілейміз!
Просмотров: 1