7 шілде - «Табиғат аясында»
07.07.2026
7 шілде күні Балдәурен лагерінің “Шұғыла” ауысымының жұмыс жоспарына сәйкес «Табиғат аясында» тақырыбында іс-шаралар өткізілді. Мектеп жанындағы лагерь аясында оқушылар ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін киіз үйде бас қосты. Балалар ұлттық дәстүрмен танысып, дастарқан басында әңгімелесіп, көтеріңкі көңіл-күйде уақыт өткізді. Мұндай шаралар оқушылардың бір-бірімен достығын нығайтып, туған елдің мәдениеті мен салт- дәстүріне деген құрметін арттырады.
«Табиғат аясындағы әрбір сәт - қуанышқа, достыққа және ұмытылмас естеліктерге толы!»
Просмотров: 31