26.06 – «Балдәурен» лагерінің «Балбұлақ» ауысымының қорытынды күні.

26.06.2026

26.06 – «Балдәурен» лагерінің «Балбұлақ» ауысымының қорытынды күні. 

Бүгін «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің «Балбұлақ» ауысымының соңғы күні ерекше көңіл күйде өтті. Күн дәстүр бойынша таңғы сергіту жаттығуынан басталып, балалар дәмді таңғы ас ішті.

Лагерьдің жабылу салтанатында тәрбиеленушілер ән айтып, өз өнерлерін көрсетіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Әр баланың белсенділігі мен шығармашылығы ерекше байқалды.

Мерекелік шарадан кейін балалар табиғат аясында пикникке шығып, қызықты ойындар ойнап, бірге көтеріңкі көңіл күйде уақыт өткізді. Осылайша, «Балбұлақ» ауысымы балаларға жарқын естеліктер, жаңа достар және ұмытылмас әсерлер сыйлап, өз мәресіне жетті.
Барша балаларға көтеріңкі көңіл күй, жарқын жазғы демалыс және жаңа жетістіктер тілейміз! 

Просмотров: 19


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу