24.06 – «Кітап – білім бұлағы» күні

24.06.2026

24.06 – «Кітап – білім бұлағы» күні
Бүгін лагерьде балалар күнді көтеріңкі көңіл күймен бастап, таңғы жаттығу жасады. Денсаулықтарын нығайтып алған соң, дәмді таңғы ас ішті.
Күннің ең қызықты сәттерінің бірі – аудандық кітапханаға жасалған экскурсия болды. Кітапхана қызметкерлері балаларды кітапхана жұмысымен таныстырып, кітаптардың маңызы туралы қызықты мәліметтер айтты. Балалар әртүрлі кітаптармен танысып, өздерін қызықтырған шығармаларды қарап шықты. Сонымен қатар, кітапханадағы танымдық шараларға қатысып, білімдерін толықтырды.
Экскурсия барысында балалар кітап оқудың пайдасы туралы түсініктерін кеңейтіп, рухани азық алды. Күн өте мазмұнды әрі әсерлі өтті.

Просмотров: 18


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу