23.06 – «Әуенді күн»

23.06.2026

23.06 – «Әуенді күн» 
Күн таңғы сергіту жаттығуынан басталып, балалар көтеріңкі көңіл күймен таңғы ас ішті. Одан кейін әр бала өзіне ұнайтын әндерді орындап, білетін өлеңдерін айтып, өнерлерімен бөлісті.
Сонымен қатар, аудандық кітапханадан келген маман балаларға арнап қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің 80 жылдық мерейтойына орай танымдық дөңгелек үстел өткізді. Кездесу барысында балалар батыр ғарышкердің өмір жолы, жетістіктері және елге сіңірген еңбегі туралы қызықты мәліметтермен танысып, өз ойларымен бөлісті.
Күн қызықты әрі мазмұнды өтіп, балалар көтеріңкі көңіл күймен жақсы әсер алды. 

Просмотров: 19


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу