22.06 –«Ғажайып күн» күні

22.06.2026

22.06 –«Ғажайып күн» күні 
Бүгін жазғы лагерьде «Ғажайып күн» тақырыбында ерекше көңіл-күйге толы күн өтті.
Күн балалардың сергектік сыйлаған таңғы жаттығуынан басталып, одан кейін дәмді таңғы ас ішілді. Жоспарға сәйкес психолог балалармен қызықты әрі танымдық тренинг өткізіп, олардың бір-бірімен еркін қарым-қатынас жасауына, ұйымшылдық пен достық қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етті.
Танымдық бөлімде туған ауылымыздың тарихы мен өткені туралы мәліметтер айтылып, балалардың туған жерге деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығы артты.
Күн соңында балалар көтеріңкі көңіл-күймен, жарқын әсерлерге бөленіп, тағы бір есте қаларлық лагерлік күнді қорытындылады.

Просмотров: 17


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу