19.06 – «Біз бақытты баламыз» күні .

19.06.2026

19.06 – «Біз бақытты баламыз» күні .
Бүгін лагерьде «Біз бақытты баламыз» атты көңілді де мазмұнды күн өтті. Таң балалардың сергек көңіл күймен жасаған таңғы жаттығуынан басталды. Одан кейін барлығы дәмді таңғы ас ішті.
Күннің ең әсерлі сәттерінің бірі – аудандық өрт сөндіру бөліміне жасалған танымдық экскурсия болды. Экскурсия барысында балалар өрт сөндірушілердің жауапты әрі маңызды қызметімен танысып, бөлімнің жұмысымен, арнайы техникаларымен және қажетті құрал-жабдықтарымен жақынырақ танысты. Мамандар өрт қауіпсіздігі ережелері туралы түсіндіріп, төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету жолдарын көрсетті.
Бұл күн балалардың қауіпсіздік туралы білімдерін кеңейтіп, өрт сөндірушілер мамандығына деген құрметін арттырды. Күн соңында тәрбиеленушілер ерекше әсер алып, көтеріңкі көңіл күймен лагерьге оралды. 

Просмотров: 25


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу