18.06 – «Керемет көңіл күй» күні
18.06.2026
18.06 – «Керемет көңіл күй» күні
Күн дәстүрлі түрде таңғы сергіту жаттығуынан басталып, балалар көтеріңкі көңіл күймен таңғы ас ішті.
Жоспарға сәйкес тәрбиеленушілер аудандық полиция бөліміне экскурсия жасап қайтты. Экскурсия барысында балалар полиция қызметкерлерінің күнделікті еңбегімен танысып, бөлім ғимаратын аралады. Балалар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан жан-жақты жауап алды.
Бұл танымдық экскурсия балалардың құқықтық сауаттылығын арттырып, полиция қызметіне деген құрмет пен қызығушылығын оятты. Күн соңында тәрбиеленушілер көтеріңкі көңіл күймен, жаңа әсерлер мен пайдалы білім алып қайтты.
Ұйымдастырушы мұғалімдер:
Жалмурзина Н.А.,Жанабергенова А.М., Абсадыкова У.Ж.
Просмотров: 24