9 маусым лагерь жұмысы бекітілген жоспарға сәйкес ұйымдастырылды.

09.06.2026

09.06.2026 жылы лагерь жұмысы бекітілген жоспарға сәйкес ұйымдастырылды.
09:00–10:30 аралығында балаларды қарсы алу жұмыстары жүргізіліп, «Қайырлы күн, Күншуақ!» атты таңғы қабылдау өткізілді. Балалар көтеріңкі көңіл-күймен жиналып, бір-бірімен амандасып, күннің жоспары таныстырылды.
10:30–11:00 аралығында «Жаттығу жаса, бой сергіт!» атты таңғы жаттығу ұйымдастырылды. Балалар дене қимылдарын орындап, сергіту ойындарына қатысты.
11:00–11:30 аралығында таңғы ас ішілді. Балаларға дұрыс тамақтану туралы қысқаша түсіндірме берілді.
11:30–12:00 аралығында «Білім – өмір азығы» тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді. Балалар білімнің маңызы туралы әңгімелесіп, түрлі сұрақтарға жауап беріп, қызықты тапсырмалар орындады.
12:00–12:30 аралығында «Кітап – біздің досымыз» тақырыбындағы іс-шара барысында балалар өз қолдарымен шағын кітапшалар жасады. Бұл жұмыс балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, кітапқа деген қызығушылығын арттыруға және ұқыптылыққа тәрбиелеуге ықпал етті. Дайын болған кітапшаларын бір-біріне таныстырып, өз жұмыстарын мақтанышпен көрсетті.
Осылайша, іс-шара балалардың танымдық белсенділігін арттырды.
12:30–13:00 аралығында «Бой жазайық, кел ойнайық!" тақырыбында қимылды ойындар ойнатылды.
Күн соңында балалармен «Жақсылықпен кездеселік!» атты қорытынды шеңбер ұйымдастырылып, күннен алған әсерлерімен бөлісті.
Сонымен қатар, балалар арасында достық қарым-қатынасты қалыптастыру және қауіпсіз орта құру мақсатында «Буллингтің алдын алу» тақырыбында тәрбиелік әңгіме жүргізілді. Әңгіме барысында буллингтің зияны түсіндіріліп, бір-біріне құрметпен қарау, көмек көрсету және достықты бағалау туралы айтылды.
Қорытынды: Лагерь күні жоспарға сай өткізілді. Балалар барлық іс-шараларға белсенді қатысып, көтеріңкі көңіл-күйде болды.
Ұйымдастырушы мұғалімдер: Байходжаева Ж.Б. 
Жусувалина А.М.

Просмотров: 35


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу