"Балдәурен" лагерінің "Күншуақ" ауысымындағы жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізілді.

08.06.2026

"Балдәурен" лагерінің "Күншуақ" ауысымындағы жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізілді.
Күн барысында тәрбиеленушілер жоспарланған іс-шараларға белсенді қатысып, көтеріңкі көңіл күйде болды. Таңертең балаларды қарсы алу ұйымдастырылып, танысу және ынтымақтастыққа бағыттау мақсатында "Ақ тілек"  т.б. ойындар өткізілді. Таңғы жаттығулар мен қимылды ойындар арқылы балалардың денсаулығын нығайтуға көңіл бөлінді.
«Жақсылық жолымен» тақырыбындағы тәрбиелік сағатта балалар жақсылық жасау, адамгершілік қасиеттер және өзара сыйластық туралы пікір алмасты. Сонымен қатар туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында «Туған жерім, тал бесігім» атты танымдық әңгіме жүргізілді.
Сонымен қатар, қозғалыс ойындары мен эстафеталар ұйымдастырылып, балалардың белсенді демалысына жағдай жасалды. Іс-шаралар барысында қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, сенім телефондары туралы ақпарат берілді. Балаларға қиын жағдайда көмек сұраудың маңыздылығы түсіндірілді.
Күн соңында қорытындылау барысында балалар өз әсерлерімен бөлісіп, күннің қызықты өткенін атап өтті.
Ұйымдастырушы мұғалімдер: Байходжаева Ж.Б. Жусувалина А.М.

Просмотров: 35


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу