5 маусым “Күншуақ ” лагерінде оқушылар үшін мазмұнды әрі қызықты іс-шаралар ұйымдастырылды.

05.06.2026

5 маусым “Күншуақ ” лагерінде оқушылар үшін мазмұнды әрі қызықты іс-шаралар ұйымдастырылды. Күн «Қайырлы күн, Күншуақ!» атты қарсы алудан басталды. Оқушыларға таңғы сергіту жаттығулары өткізіліп, көтеріңкі көңіл күй сыйланды.
Балаларға таңғы ас беріліп, қауіпсіздік пен салауатты өмір салты туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «Болашақ біздің қолымызда» тақырыбында танымдық іс-шара ұйымдастырылып, оқушылар өз ойларымен бөлісті.
“Денсаулық күні» аясында спорттық жаттығулар мен ойындар өткізілді. Сонымен қатар «Музыка бізді біріктіреді» атты музыкалық бағдарламада балалар ән айтып, өнерлерін көрсетті.
Лагерь тәрбиешілері: 
Аяпбергенова К.М.
Турсынбаева Ж. Х.

Просмотров: 25


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу