4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай 1-2 сынып оқушылары арасында тәрбиелік іс-шара өткізілді.
03.06.2026
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай 1-2 сынып оқушылары арасында тәрбиелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға мемлекеттік рәміздердің маңызын түсіндіру, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру. Іс-шара барысында оқушылар Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және Әнұраны туралы мәліметтермен танысты. Мемлекеттік рәміздердің шығу тарихы мен авторлары туралы ақпарат берілді.
Оқушылар тақырыпқа байланысты өлеңдер оқып, сұрақ-жауап тапсырмаларына белсенді қатысты. Мемлекеттік Әнұран орындалып, рәміздерді құрметтеу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Просмотров: 47