Онкүндіктің жабылуына орай, мерекелік іс-шара өтіп, «Кітаптан туған ғажайып» атты ерекше көрме ұсынылды.
21.04.2026
Ұлттық кітап күні қарсаңында мектебіміздің кітапханасында 12-21 сәуір аралығында онкүндік ұйымдастырылды.
Онкүндіктің жабылуына орай, мерекелік іс-шара өтіп, «Кітаптан туған ғажайып» атты ерекше көрме ұсынылды.
Көрмеде кітаптардан жасалған тың мүсіндер көпшілік назарына ұсынылды.
Іс-шара барысында оқушылар ән шырқап, өлең оқып, кітапқа қатысты қызықты мәліметтермен танысты. Бұл шара оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып,
рухани дамуына оң әсер етті. Кітап – білімнің бастауы, рухани байлықтың қайнар көзі. Әрдайым көп оқуға талпынайық!
- Мектеп кітапханасы.
Просмотров: 84