23 сәуір - Дүниежүзілік кітап күні қарсаңында мектебіміздің кітапханасында ерекше «Қаламгер ұстазбен жүздесу» шарасы өтті.

21.04.2026

23 сәуір - Дүниежүзілік кітап күні қарсаңында мектебіміздің кітапханасында ерекше «Қаламгер ұстазбен жүздесу» шарасы өтті.
3-сынып оқушылары үшін қонаққа қиялы ұшқыр, балаларға арналған көптеген әңгімелер авторы Бақтыбаева Мөлдір Балғабайқызы шақырылды. Шығармашылық шабыты екінші сыныптан басталған жазушының өмір жолы мен әсерлі сұхбаты оқушылар үшін үлкен қызығушылық тудырды.
Кездесу барысында оқушылар қаламгерге өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, автордың әңгімелерін оқып, мазмұндады. Бұл жүздесу балаларға шабыт сыйлап, кітапқа деген қызығушылығын арттыра түсті.
Шара соңында Мөлдір Балғабайқызы өз әңгімелер жинағын сыйға тартып, оқушыларға жылы лебізімен қолтаңба берді.
- Мектеп кітапханасы

Просмотров: 86


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу