Мектебімізде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай "Ұстаз бен шәкірт сырлы саз" атты ән байқауы ұйымдастырылды.
06.03.2026
5 наурыз күні мектебімізде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай "Ұстаз бен шәкірт сырлы саз" атты ән байқауы ұйымдастырылды. Байқауға 9 жұп қатысып, ұстаз бен шәкірт арасындағы үйлесімділік пен шығармашылық байланысты әсем ән арқылы көрсетті.
Байқаудың шымылдығын мектебіміздің директоры мен оқу ісі жөніндегі меңгеруші ашып, қатысушыларға қолдау білдіріп, әсем әнмен кештің басталуына ерекше көңіл-күй сыйлады. Әрбір жұп өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Байқау соңында қатысушылар марапатталып, мерекелік көңіл-күймен аяқталды.
Просмотров: 39