8-наурыз - Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ауданның білім беру ұйымдарының 100ден астам педагогтері мен қызметкерлеріне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды
04.03.2026
Бүгін мектебімізде 8-Наурыз - Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ауданның білім беру ұйымдарының 100 ден астам педагогтері мен қызметкерлеріне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара аудандық білім белімінің басшысы Жанабергенов Бауыржан Жанабергеновичтың құттыктау сөзімен басталып, білім беру жүйесіндегі адал жұмыс аткарғаны және кәсіби қызметте қол жеткізген нәтижелері үшін Ақмола облысының білім қызметкерлері кәсіподағының Құрмет грамотасы мен бағалы сыйлығымен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Каскаева Ляззат Байсеркеевна, сонымен қатар Жақсы ауданы бойынша ардагерлер кеңесінің, мүшелері білім беру жүйесінде көп жылдар бойы сіңірген еңбегі үшін білім бөлімінің басшысының Құрмет грамотасымен орыс тілі пәнінің мұғалімі Куандыкова Гульбарам Имангазевна марапатталды.
Аудандық кәсіподақ филиалының төрағасы Ә. Аманжол аудандық кәсподақ филиалының Алғыс хаты және бағалы сыйлығымен мектеп қызметкері Чужебаева Бахыт Амангельдиновна марапаттады.